Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан қырғыз еліне 2 мектеп салып береді

БІШКЕК. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қырғыз еліне 2 мектеп салып береді. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысынан кейін Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев мәлім етті.

Қазақстан қырғыз еліне 2 мектеп салып береді

«Нұрсұлтан Әбішұлы екі мектептің құрылысына ақша бөлді. Бастапқыда бір мектеп жоспарланған еді. Енді 2 мектеп салынатын болды. Бірі елдің оңтүсігінде Ош қаласында болатын шығар, ал екіншісі Қырғызстанның солтүстігінде салынады», -  деп атап өткен А.Атамбаев Елбасына осындай қолдау көмегі үшін зор алғысын білдірді.

Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың алғашқы мемлекеттік сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастың, ынтымақтастықтың жаңа белесі болып табылатындығын баса айтты.