Қазақстан Қырғызстан аумағында пансионаттар болуы мәселесін реттеді

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан Қырғызстан аумағында пансионаттар болуы мәселесін реттеді. Бұл туралы Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің қырғыз әріңтесімен келіссөздер қорытындылары бойынша мәлімдеді.

Қазақстан Қырғызстан аумағында пансионаттар болуы мәселесін реттеді

«Бүгін Қырғызстан аумағындағы қазақстандық пансионаттардың болуына байланысты мәселелерді реттеу туралы тиісті шартқа қол қойылды», - деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, бұл мәселе ұзақ уақыт шешімін таппай келді, енді бүгін бұл мәселеге соңғы нүкте қойылды.