18:57, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстан Қырғызстан аумағында жүзеге асырылатын жобаларға 100 млн. доллар инвестициялар салады
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚвазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан Қырғызстан аумағында жүзеге асырылатын жобаларға 100 млн. доллар инвестициялар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Данияр Үсенов Астанада қазақстандық әріптесімен екіжақты келіссөздер қорытындылары бойынша айтты.
«Біздің президенттеріміздің тапсырмасымен біз даму қоры мәселесін талқыладық. Қазақстандық тарап Қырғызстан аумағында жүзеге асырылатын жобаларға 100 млн. доллар инвестициялар салмақ», - деді ол.
Д.Үсенов мұнай жобалар жыл асқан сайын көбейіп отырғанын атап көрсетті. Бұл - ірі цемент зауыттары, алтын кеніштерін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу нысандары, соның ішінде сүт пен ет өңдеу жобалары да бар.