Қазақстан Қырғызстанға 26 миллион теңгеден астам соманың құрылыс жүгін жөнелтуде - Қостанай облысы ТЖД

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Қырғызстанға 26 миллион теңгеден астам соманың құрылыс жүгін жөнелтуде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланған Қостанай облыстық төтенше жағдайлар ведомствосының ақпарында айтылып отыр.

Қазақстан  Қырғызстанға  26 миллион  теңгеден  астам соманың     құрылыс жүгін  жөнелтуде  -  Қостанай  облысы ТЖД

«Үкіметтің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақшалай қаржы бөлу және Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету туралы» 2010 жылғы шілденің 20-сындағы №737 қаулысына сәйкес, Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті қырғыз еліне құрылыс материалдарын жөнелткелі отыр», - делінген сәрсенбі, қыркүйектің 1-інде таратылған хабарда.

Ведомствоның ақпараты бойынша, ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай филиалының базасында 757 текшеметр кесілген тақтайлар тиеліп жатыр. Барлығы 11 вагон жөнелтілмек. «Резерв» РМК Қостанай филиалының директоры Ерік Төлебаевтың айтуынша, құрылыс материалдары сәуір айындағы тәртіпсіздіктердің салдарынан зардап шеккен Жалалабадтағы үйлерді қалпына келтіруге жұмсалады.

Жөнелтілгелі отырған барлық құрылыс құны 26 миллион 495 мың теңгеге бағаланып отыр. Қырғызстанның Ош және Жалалабад қалаларын қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік директоры материалдарды қабылдап алуға дайындалуда.