Қазақстан Қырғызстанмен сындарлы қарым-қатынасты жалғастыруға ынталы - С. Ахметов
АСТАНА 1 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қырғызстанға жасаған ресми сапары шеңберінде осы елдің Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екі жақты қарым-қатынастың атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы әріптестіктің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды.
Тараптар барлық спектор бойынша Қазақстан-Қырғыз қарым-қатынасын одан әрі нығайту мен жандандыруға әзір екендіктерін білдірді.
С.Ахметов Қазақстанның Қырғызстанмен сындарлы қарым-қатынасты жалғастыруға ынталы екенін және түбі бір екі елдің достық пен тату көршілікке негізделген екіжақты қарым-қатынасын ырғақты дамытудың маңыздылығын атап өтті.