Қазақстан Қытай аумағы арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне 3 млн. тоннаға дейін астық өткізу жөнінде келісті - Ө.Шөкеев
деп хабарлайды ҚазАқпарат
Келіссөздер барысында бірқатар мәселелер қаралғанына тоқталған ол: «Олардың ішіндегі маңызды мәселелердің бірі ретінде біздің тарапымыздан Қытай аумағы арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне 3 млн. тоннаға дейін астықты транзиттеуге рұқсат ету өтініші болды», деді. Ө. Шөкеевтің айтуынша, ұзақ келіссөздерден кейін қорытынды құжатта Қытайдың Ауыл шаруашылығы министрлігіне, «Ковка» компаниясына (Қытай) және теміржолдарға бұл мәселені шұғыл қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ транзиттік мүмкіндіктерді табу мәселесі жүктелді. Мұнымен қоса Қытайдың ішкі тұтыну нарығына астық сатып алу мәселесін қарастыру керектігі аталып өтілді. «Бұл өте маңызды шешім болып табылады. Бізде астық экспортының жаңа бағыты пайда болуда», деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.