Қазақстан Қытайға жеткізетін өнім көлемін ұлғайтады - Н.Назарбаев

«Қазақстанның бидайын Қытайға өткізуге келістік. Жеткізілетін металлургия өнімінің көлемін арттыру жөнінде талқылап жатырмыз. Оларда өзінің қоры да жетерлік, алайда қазақстандық өнім көлемі аз болғандықтан Қытай басшылығынан біздің өнімнің импортын арттыруды сұрадым. Бұл сұраныстың аз болуынан өнім шығаруды тоқтатқан қара және түсті металлургия, химия, тыңайтқыштар», - деді Елбасы.
Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын.
Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді.
Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.