Қазақстан лаңкестік қаупі бар ел емес - АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістан бойынша арнайы өкілі Марк Гроссман
ТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан лаңкестік қаупі бар ел емес. Бұл туралы бүгін елордада АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістан бойынша арнайы өкілі Марк Гроссман мәлім етті.
«Қазақстан лаңкестік қаупі бар ел емес», - деді ол ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Ол Қазақстан мен АҚШ-тың лаңкестікпен күресте әріптес болып табылатындығын атап өтті.
М.Гроссманның атап өтуінше, АҚШ мемлекеттік департаменті жарияланған есеп толықтай алғанда мемлекетке емес, жекелеген азаматтарға ғана қатысты.