Қазақстан Латвияның Орталық Азиядағы ең үлкен сауда әрі экономикалық әріптесі - ел Президенті А.Берзиньш

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан біздің Орталық Азиядағы ең үлкен сауда әрі экономикалық әріптесіміз.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан-Латвия бизнес форумы барысында Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньш айтты.

«Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық тарихи тамырластыққа әрі достыққа негізделген»,- деп атап өткен ол, кеше Спаскіде болып, саяси қуғын-сүргін кезінде құрбан болған латвиялық азаматтарға арналған ескерткішті ашу барысында оған тағы бір мәрте көз жеткізгендігін баса айтты.

«Сіздердің елдеріңіз Орталық Азиядағы ең үлкен сауда әрі экономикалық әріптесіміз. Сонымен қатар біздер сіздердің елдеріңіздің әлемдегі рөлі артып келе жатқандығын байқаудамыз»,-деді Латвия Президенті.

Оның пайымынша, екі ел де 22-23 жылдың ішінде даму жолынан өтті. Ал ендігі уақыттағы бағдар санға емес, сапаға негізделген.

«Соңғы күндері біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүшелікке шақырылғандығымыз туралы ақпарат алдық. Бұл біздің еліміз үшін өте маңызды. Біз осы жылы Еуроаймаққа кіру процесін аяқтауға жақынбыз»,-деді А. Берзиньш.

Соңғы жаңалықтар