16:26, 12 Қаңтар 2026 | GMT +5
Қазақстан мәдениет зерттеу институтының заңсыз иеліктен шығарылғаны анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - 2019 жылы «Қазақстан мәдениет зерттеу институты» ЖШС-нің заңсыз түрде иеліктен шығарылғаны анықталды, деп хабарлайды Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Медеу ауданы прокуратурасының талабы негізінде сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды.
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз берілген мемлекеттік активтерді қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді,-делінген хабарламада.
Осыған дейін БҚО-да қайтарылған активтер есебінен су құбыры нысандары іске қосылғаны туралы жаздық.