«Қазақстан маған өте көп нәрсе берді»: Елена Рыбакина елге алғысын айтты

АСТАНА. KAZINFORM — US Open-2026 турнирінің жаңа чемпионы әрі әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина өзінің кәсіби спортшы ретінде қалыптасуындағы Қазақстанның рөлі туралы айтты. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

— Қазақстан маған өте көп нәрсе берді. Кәсіби турнирлерге қатысып, өзімді сынап көруге мүмкіндік алу мен үшін де, отбасым үшін де үлкен шешім болды. Ол кезде мен мектепті енді ғана тәмамдап жатқанмын. АҚШ-тағы университеттерден оқуға түсу туралы көптеген ұсыныс түскен еді. Алайда сол тұста Қазақстан теннис федерациясының өкілдері мені бір турнирде байқап қалып, жақсы нәтиже көрсеткенімді көрген еді. Олар маған сенді. Қазақстандағы көптеген адамдар да маған сеніп, осы жолда қолдау көрсетті. Мен бұған өте ризамын. Бұл — бүкіл ел үшін ортақ тарих. Мені қолдап, жақсы көріп, ең бастысы, басынан бастап маған сенген барша жанмен бірге тойлау үшін Қазақстанға оралуымды асыға күтіп жүрмін, — деді теннисші.

Оның сөзін WTA-ның ресми сайты келтірді.

Елена Рыбакина — WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанған Қазақстанның тарихтағы тұңғыш өкілі. US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін ол ресми түрде әлемдік рейтингтің көшін бастады.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі сәтті өнерінен кейін әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді.

Ол әлемнің бірінші ракеткасы ретінде арнайы жүлде алды.

Елена теннисшілер арасында бірінші болып 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысуға кепілдік алды.