Қазақстан Малайзияның шекаралық бақылау саласында ұлттық қауіпсіздік жүйесі өндірісі жөніндегі тәжірибесін үйренуге мүдделі
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - 16-18 желтоқсан аралығында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Малайзияда жұмыс сапарында болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Делегация құрамына сыртқы істер, ішкі істер, қаржы, индустрия және жаңа технологиялар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кірді.
Сапар ауқымында Малайзия ішкі істер министрінің орынбасары Дато Ван Джафармен, Премьер-министрдің кеңесшісі Шахризат Абдул Джалиламен, Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кеңестің директоры Дато Джуддин Абдул Кариммен, Сыртқы сауданы дамыту жөніндегі мемлекеттік корпорацияның директоры Дато Вонг Лай Саммен, сыртқы істер, индустрия және халықаралық сауда министрліктерінің өкілдерімен, сондай-ақ мемлекеттік-жеке әріптестік кәсіпорындарының басшылығымен кездесулер болды.
Малайзия тарабы екі ел арасындағы, соның ішінде жоғары деңгейдегі саяси диалогтың даму серпінін жоғары бағалады, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және сыртқы-саяси зор табыстарын ерекше атап өтті.
Кездесулер барысында екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету, туризмді дамыту, озық технологиялар және ЭКСПО-2017 ауқымындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.
Қазақстандық делегация сапары бағдарламасының маңызды тармағы шекаралық және көші-қон бақылауы саласындағы ұлттық қауіпсіздік жүйелері өндірісі бойынша жетекші малайзиялық компания - «S5 Systems» басшылығымен келіссөздер болды. Атап айтқанда, аталған жүйе мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде төлқұжаттық бақылаудың өту уақытын қысқартуға, шетелдік азаматтардың болуына мониторингіні күшейтуге және электрондық визаны енгізу жолымен визалық рәсімдерді және т.б. оңайлатуға мүмкіндік береді.
Кездесу қорsтындысымен қазақстандық тарап Малайзияның осы саладағы тәжірибесін зерделеуге және аталған қауіпсіздік жүйесін ҚР-ында қолдану мүмкіндігіне мүдделілігін білдірді. Бұл жүйе бірнеше жылдар бойы Малайзия мемлекеттік шекарасынан өткізудің барлық бекеттерінде, сондай-ақ әлемнің ең ірі және озық, жылына 40 миллионнан астам адамды өткізе алатын Куала-Лумпур әуежайында ойдағыдай қолданылуда.