Қазақстан мемлекеттік экономикалық құрылыста жетістікті алға жылжып келеді - Ресей СІМ басшысының орынсабары Г.Карасин

Шараға Ресей СІМ-нің, РФ-да аккредитацияланған халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипөкілдіктердің өкілдері, ресейлік ғылыми институттар мен оқыту мекемелерінің басшылары қатысты. Сондай-ақ қабылдауға қазақ жұртшылығының өкілдері, РФ-да өкілдіктері бар қазақстандық мекемелер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері қатысты.
Қабылдаудың ресми бөлігін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақов ашты.
Дипломатиялық қабылдаудың құрметті қонағы - Ресей СІМ басшысының орынбасары Григорий Карасин Қазақстан тарапын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол екі мемлекет басшыларының өзара байланысының жоғары қарқынын атап өтті. Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, РФ дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастарды қалыптастыру бойынша ел ішіндегі жетістіктерді жоғары бағалайды.