Қазақстан мен АДБ 2,5 млн доллар тұратын жоба құрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия даму банкі мен Қазақстанның бірлескен оқыту жобасының нәтижесі 2014 жылдың маусым айында шығады, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.
None
None

Білім және тәжірибемен алмасу үшжылдық бағдарламасы Азия даму банкі және Қазақстанның Үкіметімен өткен жылы жіберілген болатын. Оны жүзеге асыру үшін 2,5 млн доллар қаржы бөлінді.

Бағдарлама құрамына төрт негізгі тақырып кіреді: жан-жақты өсу және экономиканы әртараптандыру, институционалдық, саяси даму, аймақтық ынтымақтастық, интеграция және бәсекеге қабілеттілік.

Айта кетерлігі, АДБ үкіметтің әрбір шығынының елу пайызын қаржыландырып отырады.

Соңғы жаңалықтар