Кабулда Қазақстанның сауда үйі ашылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ауғанстан премьер-министрінің орынбасарына Қазақстанның Кабулдағы сауда үйін ашуды ұсынды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Фото: ҚР Үкіметі

Кабулға сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан халқынан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмектің екінші жартысын тапсырды.

Серік Жұманғарин
Фото: ҚР Үкіметі

Сондай-ақ Серік Жұманғарин осы елдің Премьер-министрінің орынбасары Абдул Ғани Барадармен кездесті. 

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмектің ОА-дағы ірі жеткізушісі

2021 жылдан бері Қазақстан Ауғанстанға ондаған мың тонна ұн, азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық зат пен жылы киім жіберген. Сонымен қатар биыл наурыз айында Алматыда Орнықты даму мақсаттары бойынша Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне арналған БҰҰ аймақтық орталығы ашылды. Серік Жұманғарин Абдул Ғани Барадармен кездесуде атап өткендей, аймақтық орталықты құрудағы негізгі мақсат — ОА елдерінің Ауғанстанмен әлеуметтік-экономикалық және іскерлік ынтымақтастығын жандандыру. Орталық Азия елдері қазақстандық бастамаға қолдау білдірді.

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Фото: ҚР Үкіметі

Әртараптандыру есебінен тауар айналымы $3 млрд-ты құрады

Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Астық пен ұн қазақстандық дәстүрлі тауарлар саналады. 2024 жылы Ауғанстан нарығына қазақстандық қант экспортының айтарлықтай өсуі байқалды — 143 мың тонна. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп (19,1 мың тонна). Ауғанстан нарығына кондитерлік және ұн өнімін жеткізу көрсеткіші артып келеді. Қазақстан сондай-ақ ерте пісетін ауған көкөнісін елорда базарына жеткізуге мүдделі.

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Фото: ҚР Үкіметі

Өткен жылдың соңында екі ел тауар айналымын $3 млрд-қа ұлғайту жөніндегі жол картасына қол қойды. Ауғанстан аумағында түрлі пайдалы қазба өндірудің орасан зор әлеуетін ескере отырып, өзара инвестицияның мәлімделген көлеміне Ауғанстан кен орнының ресурсын барлау мен өндіру есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр. Қазақстандық бизнес жер қойнауының перспективалы учаскелерін іздеуге қаражат салуға үлкен қызығушылық білдіріп отыр.

14 сәуірде Ауғанстанға Қазақстаннан барған геолог-мамандар, инженерлер тобы Ауғанстанның тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрлігінің қолдауымен бірқатар кен орнын аралады. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан атап өткендей, мамандар Нұрстан провинциясында бериллий, қорғасын және мырыш табылып отырған кен орындарынан 130 келі кен сынамасын алды. Енді зертханада неғұрлым егжей-тегжейлі талдау үшін сынамалар Қазақстанға жіберіледі. Нәтиже алынғаннан кейін қазақстандық тарап кен орнын одан әрі игеру үшін неғұрлым ауқымды келіссөз форматына кірісуге дайын.

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Фото: ҚР Үкіметі

Қазақстан мен Ауғанстандағы жаңа сауда үйлері

Жол картасында белгіленген іс-шараларды жандандыру үшін Серік Жұманғарин Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасарына Қазақстанның Кабулдағы сауда үйін ашуды ұсынды. Абдул Ғани Барадар бұл ұсынысты қолдап, ауған тарапы да Қазақстанда өзінің сауда базарын ашқысы келетінін атап өтті. Сондай-ақ, қазақстандық тараптан ауған тарапы мүдделі болған жағдайда «QazTehna» ЖШС өндіретін қазақстандық автобустарды жеткізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Жаңа сауда үйлері ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары бойынша өзара инвестицияларды жандандыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Ауғанстанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Наджибулла Хакканимен кездесті. Ол қазақстандық компаниялар Ауғанстандағы инфрақұрылымдық және телекоммуникациялық жобалардың құрылысына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Тургунди — Герат жаңа теміржол телімін салу кезінде оптикалық кабель төсеу жұмысына бірлесіп қатысуды ұсынды.

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Фото: ҚР Үкіметі

Сауда және өнеркәсіп министрі Нұриддин Азизимен кездесуде екі елдің өзара тауар айналымын әртараптандыру мүмкіндігі талқыланды.

Осыған дейін Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны жеткізілгенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар