Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастықты дамытуда Парламенттің рөлі ерекше - М. Әшімбаев

Жүздесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жағдайын талқылап, парламентаралық байланыстар деңгейін дамыту, соның ішінде бұл бағытта ЕҚЫҰ желісінде өрістете түсуге назар аударды. Сонымен қатар, кездесуде екіжақты байланыстарды нығайтудың бірқатар аспектілері қозғалды. Тараптар Қазақстан мен Австрия арасындағы байланыстардың жан-жақты дамуына мүдделі екендіктерін білдіріп, бұл ретте парламентаралық ынтымақтастықтың ерекше рөл атқаратынына назар аударды.
Өз кезегінде мәртебелі мейман жас мемлекеттің ел ордасы Астана туралы жақсы лебізін жеткізіп, бас қаланың гүлдене беруіне өз тілектестігін білдірді.
Жүздесуге Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пішембаев пен Аустрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Вольфанг Баняй қатысты.