Қазақстан мен Әзербайжан энергетика министрлері ОПЕК+ келісімін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының дайындық мәселелерін талқылау үшін Энергетика министрі Н.Ноғаев пен Әзірбайжан Энергетика министрі П.Шахбазов бейнеконференция форматында әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Әзербайжан энергетика министрлері ОПЕК+ келісімін талқылады

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, коронавирус індетіне байланысты тараптар үкіметаралық комиссияны осы жылғы қазан айында бейнеконференция форматында өткізуге келісті.

Сонымен қатар, әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Әзірбайжанның ОПЕК+ аясында жүргізіліп жатқан жұмысын талқылады.

Бүгінгі таңда ОПЕК+ келісіміне қатысушылар қабылдаған шаралардың арқасында мұнай бағасының өзгеруі мен сұраныс және ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру бойынша оң динамика байқалады.