Қазақстан мен Әзербайжан қарым-қатынасы ортақ тарихи мұраға негізделген – сарапшы
Оның айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге сапары Әзербайжан тәуелсіздігінің 30 жылындағы екіжақты және ресми сапарлар арасында ерекше маңызды болып отыр.
«Отыз жылда біздің қарым-қатынасымызда үлкен негіз қаланды, бірақ қазіргі сапардың маңызды болатын себебі – біздің аймақ та, жалпы Еуразия да өте маңызды процестерді бастан кешуде. Бұл процестердің түйіні бұрынғы ортағасырлық логистикалық көлік қуатын қалпына келтіру болып отыр. Транзит пен көлік қуаты – ежелгі түркі мемлекеттерінің негізі және олардың басқа өркениеттерден артықшылығы болды. Қазіргі уақытта ол қалпына келтіріліп жатыр және бұл түркі халықтарын, ең алдымен Қазақстан, Әзербайжан және Түркияны біріктіретін идеяның негізі», - деді Ризван Гусейнов.
Бұл тұрғыда сарапшы Қазақстан мен Әзірбайжанның қарым-қатынасы өте қарқынды дамып келеді деп санайды. Әзірбайжан жолдардың едәуір бөлігі қосылатын хаб ретіндегі логистикалық рөлі өте маңызды. Қазақстан да осы логистикалық тізбектерде маңызды рөлдердің бірін атқарады.
«Көмірсутектер тасымалы үшін транзиттік қуаттарды кеңейту, Каспий аймағының сауда қуаттары да үлкен рөл атқарады. Осы мәселелердің барлығы Қазақстан мен Әзербайжан арасында толық өзара түсіністікке ие. Қазір түрлі ведомстволардың ресми құжаттары мен келісімдері деңгейінде осы салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту стратегиясын бекітетін кез келді», - деп атап өтті сарапшы.
Ризван Гусейнов бұл жай ғана Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас емес, бүкіл Еуразияның әлеуеті екенін баса айтты. Сондықтан, экономикалық, транзиттік-энергетикалық, логистикалық саладан бөлек, ортақ мәдени мұра және бүгін Бакуде қол қойылатын гуманитарлық жобалар мен уағдаластықтар өте маңызды болмақ.
«Түркі халықтары арасындағы ынтымақтастық процесінде, атап айтқанда, түркі мұрасын, оның әлемдік тарихын игеру мен зерделеуде Қазақстан әрдайым басты локомотивтердің бірі болып келеді», - дейді саясаттанушы.
Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті және оны «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Сонымен бірге, ресми сапар аясында қол қойылған құжаттар тізімі жарияланды.
Фото: sputniknews.ru