Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сауда айналымы бағасының өсуіне байланысты Бакуде «United Grain Inspection» компаниясының өкілдігі ашылды

БАКУ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бакудегі «Dalga Plaza» қонақүйінде Әзірбайжандағы «United Grain Inspection» халықаралық испекторлық компанияның өкілдігі ашылды,
None
None

бұл компанияның қызметі сапа мен экспорт пен импортқа шығарылатын астық мөлшерін анықтауға бағытталған.

Тұсаукесер рәсімінде «United Grain Inspection» компаниясы құрамына кіретін Қазақстандағы «Baltic Control» компаниясының бас директоры Гүлмира Әбішева алғысөз айтты. Бас кеңсесі Данияда орналасқан «Baltic Control» компаниясының әлемнің барлық елінде өкілдіктері бар.

Г.Әбішеваның сөзіне қарағанда, испекторлық компания өкілдігінің Әзірбайжанда ашылып отырғандығы Қазақстан мен Әзірбайжан арасында қазақстандық астықты экспорттаудағы сауда айналымы бағасының қымбаттауымен байланысты. «Мен Бакудегі «Карат-Холдинг» компаниясы мен «Баку астық терминалы» бірлескен кәсіпорнының ыстық ықыласы үшін алғысымды айтқым келеді», - деді ол.

ҚР-ның Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Серік Пірімбетов Қазақстанның тағы бір компаниясы Әзірбайжан нарығына кіріп отырғанына жоғары бағасын берді. «Осы компанияның ашылуы екі ел басшыларының екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша берген тапсырмаларының жүзеге асып отырғандығын көрсетеді», - деп атап өтті елші.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі ҚазҒЗИ» ЖШС бас директоры Дариға Шәймерденова Қазақстаннан шығарылатын астық экспортының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы әңгімеледі.

Әзірбайжандағы «United Grain Inspection» өкілдігінің басшысы болып қазақстандық маман Сансызбай Хамзин тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар