Қазақстан мен Беларус ақпарат саласындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді

МИНСК. Наурызды 31-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның Беларус Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Смирнов наурыздың 30-ы күні Беларус Республикасының Ақпарат министрі Владимир Русакевичпен кездесті.

Қазақстан  мен Беларус ақпарат  саласындағы  ынтымақтастықты     тереңдету қажеттілігі  туралы ортақ пікірге келді
ҚазАқпаратқа Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кездесу барысында екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа ісі саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ алдағы өзара іс-қимылдардың перспективалары талқыланды. Беларус министрі Минскіде өткен «Беларус кітаптары -2009» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қазақстандық делегацияның қатысуын оң бағалады және Қазақстан Республикасының көрменің құрметті қонағы болғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің Беларус Республикасында өткізіп жатқан іс-шараларын таныстыруға беларус бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді атсалысуы туралы Қазақстан Елшісінің ұсынысына министр В.Русакевич, Беларус Республикасының Ақпарат министрлігі жан-жақты қолдау көрсететінін айтып сендірді. «... Қазақстан мен Беларусь әрқашан жұрттың назарында болуы керек»,- деді Беларус министрі. В.Русакевич сонымен бірге Беларус Республикасында қазақстандық жетекші арналардың бірін тансляциялау туралы бірлескен жобаны жүзеге асыруды ұсынып, ол үшін Беларустың барлық мүмкіндікке және қажетті ресурстарға ие екенін жеткізді. Тараптар сондай-ақ ақпарат саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Ол үшін тараптар Қазақстан мен Беларуста ақпараттық агенттіктердің өкілдіктерімен алмасып, тілшілер қосындарын ашу туралы мәселені талқылауға келісті.