Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық әріптестіктің негізі - өзара тиімділік әрі тең құқықтық - Елші А. Смирнов

Салтанатты рәсімде Беларустағы Қазақстан елшісі Анатолий Смирнов құрметті консулдықтың ашылуы Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарқынды дамып келе жатқан байланыстарға негізделгенін атап өтті. «Бүгінгі таңда біздің өзара тауар айналымымыз 1 млрд. долларды құрайды. 2014 жылға қарай бұл көрсеткішті 3 млрд. долларға жеткізу көзделіп отыр», - деді елші.
Сондай-ақ дипломат атап өткендей, Беларуспен достық әрі стратегиялық әріптестік Қазақстанның сыртқы саясатандағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. «Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық әріптестіктің негізінде өзара тиімді және тең құқықтық, екі елдің мемлекет басшыларының арасындағы сенімнің жоғарғы деңгейі бар. Құрметті Консулға елдеріміздің дамуы, қазақ және беларусь халықтарының игілігі үшін алға қойылған міндеттерді орындауда сәттілік тілегім келеді , - деді А. Смирнов.
ҚР Сыртқы істер министрлігі БР СІМ келісе отырып Құрметті консулдың патентін осы елдің азаматы Чермен Шоқановқа берді.