11:52, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Беларусь авиакомпаниялары үшін әуе кемелерін импорттаудың жеңілдетілген тәртібі ұзартылады
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Еуразия экономикалық Комиссия Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының авиакомпаниялары үшін әуе кемелерін импорттаудың жеңілдетілген тәртібін әуе кемелерінің түрі мен пішініне қарай 2017 жылға және 2019 жылдың шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Қазақстандық авиакомпаниялардың аталған саралымдағы (сегменттегі) 2020 жылға дейінгі қажеттілік болжамы 50 бірліктен жоғары екенін атап өту керек. Қабылданған шешімге сәйкес кедендік баж салығының көлемі әуе кемесі құнының 19% құрайтын болады.
Қабылданған шешімнің нәтижесінде отандық авиакомпаниялар әуе кемелері паркін жаңарту бағдарламасын әуе билеттерінің бағасын көтермей жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.