Қазақстан мен Беларус бірлесіп жүзеге асыратын 37 жобаның жалпы құны - 3 млрд. АҚШ долларын құрайды - Н. Назарбаев

;МИНСК. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  Қазақстан мен Беларус арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында біздің еліміздің аумағында жүзеге асырылатын 37 жобаның жалпы құны шамамен - 3 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы кеше Минскіге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларус басшысы Александр Лукашенкомен кездесуінде айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы бұл жобалар түгелдей Қазақстанның аймақтарына көрсетілгенін, олармен облыстардың басшылары танысқанын айта келе: «Сіздердің делегацияларыңыз біздің облыстарымызды аралады. Перспектива өте зор. Менің ойымша, бізде бірлесіп істейтін дүниелер баршылық», деді.

Н. Назарбаев қазіргі дағдарыс жағдайына қарамастан Қазақстан индустрияландыру бағдарламасын әзірлегенін айтып, сапар аясында бекітілетін Қазақстан мен Беларус арасындағы 2009-2016  жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға дөп келіп отырғанын және қажет екенін жеткізді. Осы орайда Қазақстан басшысы құрылатын Кеден одағы бағдарламаны іске асыруға көмектесіп, екі елдің арасында болған қиындықтарды жоятындығына сенім білдірді. «Қазақстан Беларусқа қажетті өзінің өнімдерін - энергетикалық шикізатын, азық-түліктік бидайын және басқада өнімдерді экспорттауға дайын. Жалпы, біз бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтасатын боламыз. Беларустың аграрлық сектордағы, соның ішінде ауылшаруашылығы машиналарын жасаудағы, әсіресе химия саласындағы тәжірибелері бізді өте қызықтырады», деді Н. Назарбаев. 

Елбасының айтуынша, А. Лукашенконың 2005 жылы біздің елімізге жасаған сапары Қазақстан мен Беларус қарым-қатынасына жақсы серпін берді. Қазіргі таңда қазақ-беларус кәсіпорындары жақсы жұмыс істеуде. Екі елдің Премьер-Министрлері алма-кезек сапарлар жасап, келіссөздер жүргізді, сарапшылар өте жақсы жұмыс жасады.

«Қазақстан мен Беларус арасында ешқашанда қандай да бір шешілмеген мәселелер немесе қандай да бір келіспеушіліктер болған емес», деді Президент. 

Елбасының пайымдауынша, Беларус осы жылдар ішінде заманауи, бәсекеге қабілеті өнімдер шығарып жатқан ірі зауыттарын модернизациялай алды. Беларустың машина жасайтын кәсіпорындары әлемнің 160 еліне шықты.

Өз кезегінде А. Лукашенко Н. Назарбаевтың Беларусқа сапарын ұзақ әрі тағатсыздана күткенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл ресми сапардың маңызы зор, себебі оған екі елдің үкіметтері бірнеше мәрте кездесіп, тыңғылықты дайындалды. Осы орайда А. Лукашенко Қазақстанның ауылшаруашылығы саласының қарқынды дамығанын  және перспективасының зор екенін атап көрсетті: «Біз Сіздермен жұмыс істеуге өте мүдделіміз. Сіздің қолдауыңызбен біз көздеген жобаларды Қазақстан аумағында жүзеге асыра аламыз. Олармен Сіздердің де біздің де халқымыз мақтанатын болады», деді Беларус басшысы.

Соңғы жаңалықтар