17:15, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстан мен Беларусь өңірлік бірлестіктер аясында өзара тығыз әрекет етуде - Елбасы
МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде ҚР және БР президенттерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөздері аяқталды.

Оның барысында кең ауқымды мәселелер талқыланды.
«Біз тар ауқымда екі елдің қарым-қатынасына байланысты кең ауқымды мәселелерді талқыладық. Мен Қазақстан мен Беларусь сенімді саяси әріптес болып табылатындығын атап өтемін. Біз өңірлік бірлестіктер аясында Еуразиялық кеңістікте өзара тығыз әрекет етудеміз - бұл, біз ұзақ уақыт келген жаңа кезең және ортақ бастамамыз», - деп атап өтті ҚР Президенті Н. Назарбаев.