Қазақстан мен Чехия арасында денсаулық сақтау саласында екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - 4 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы С.Р. Мусиновтың Чех Республикасының Қазақстан және Қырғызстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен және прагалық «На Хомолце» ауруханасының директоры Ян Паскемен кездесуі өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ян Паске ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерін жоғары дәрежелі Joint Comission International аккредиттеуінен өткен Чехиядағы Денсаулық сақтау саласының көшбасшысы «На Хомолце» ауруханасының қызметімен таныстырды.

Ауруханада онкологиялық, кардиологиялық, кардиохирургиялық, қан тамырлары, кардиоанестезиологиялық және радиациялық патологиялар, сондай-ақ стереотактикалық және радиациялық нейрохирургиялық аурулар емделеді.

Серікбол Мусинов өз сөзінде еліміз дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі адами әлеуеттің дең­гейін, атап айтқанда, медициналық қызмет көрсету сапасын және қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау екендігін атап өтті. Жауапты хатшы ұлт денсаулығын нығайту Қазақстанның маңызды мақсаттарының бірі екеніне тоқталды. Мемлекет осы мақсатты орындау үшін барлық күш-жігерін салуда. Сондай-ақ, еліміздің тұрақты әлеуметтік - демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін ел азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы енгізілгені туралы мәлімдеді.

Кездесудің қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты жандандыру,  атап айтқанда, Қазақстан аймағында шеберлік-сыныптары өткізу, медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру, онкология және  кардиохирургия саласында чех медицинасының жетістіктерін пайдалану, сондай-ақ емдеу, оңалту, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде денсаулық сақтау саласы нысандарын салу мәселелері жөнінде тәжірибемен алмасу бойынша келісімге қол жеткізілді.

С. Мусинов қазақстандық мамандардың Чехияға алдағы сапары барысында «На Хомолце» ауруханасы көрсететін медициналық қызметтермен және олардың сапасымен танысуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, ол кездесу үшін алғыс айтып, халық денсаулығын нығайту саласында жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық тіледі.

  

Соңғы жаңалықтар