Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас кеңейіп, ары қарай тереңдей беретін болады - Н. Жюстен

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас кеңейіп, ары қарай тереңдей беретін болады. Бүгін Астанада тілшілермен кездескен Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Норбер Жюстен осылай мәлім етті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Бізде үлкен жоспарлар бар. Өткен аптада Брюссельде Қазақстан делегаттарының қатысуымен Ынтымақтастық кеңесінің отырысы өткен болатын. Біздің қатынастар өте жақсы деңгейде екендігін тағы да көзіміз жетті. Біз бұл ықпалдастықты одан ары тереңдетуге мүдделіміз. Әсіресе, соның ішінде Серіктестік пен ынтымақтастық шартын жетілдіру бағытындағы жұмыс бойынша. Бұл құжат желтоқсанда қабылданады және екі жақты байланыстың дамуына жаңа серпін береді», деп атап көрсетті ол.    

 Желтоқсанның 1-де мақұлданатын Лиссабон шарты Қазақстанмен арадағы ықпалдастықтың дамуына оң әсер бермек. Жаңа құжат бойынша, Еуроодақ жанынан сыртқы қатынастармен айналысатын орган құрылады.

Соңғы жаңалықтар