Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді - Қ.Саудабаев пен К.Эштонның кездесуі

БРЮССЕЛЬ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Бейсенбі күні Брюссельде, Еурокомиссияның штаб-пәтерінде Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонмен кездесу өткізді.

Қазақстан  мен Еуроодақ ынтымақтастығы   жаңа   деңгейге көтерілді -  Қ.Саудабаев пен К.Эштонның кездесуі

Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары 2010 жылдың қорытындыларын талқылай келе, Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы ынтымақтастықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұның бәрі біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға сәтті төрағалығы мен Астана саммиті нәтижесінің, сондай-ақ экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қол жеткізіліп отырған сапасының арқасында мүмкін болып отыр.

Қ.Саудабаев өз сөзінде, Қазақстан мен Еуроодақтың тауар айналымы қалған төрт орталықазиялық мемлекет пен Кавказ өңірінің үш елі - Әзірбайжан, Грузия және Арменияның жалпы тауар айналымынан асып түсіп отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ дипломаттар ЕҚЫҰ аясындағы жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға әзір екендіктерін қуаттады.