Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Еуропарламент тұрақты, ашық және әділ диалог жүргізуде - Еуропарламент төрағасының орынбасары О.Карас

БРЮССЕЛЬ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Брюссельде жүрген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропалық Парламент төрағасының орынбасары Отмар Караспен кездесті.

Қазақстан мен Еуропарламент тұрақты, ашық және әділ диалог жүргізуде - Еуропарламент төрағасының орынбасары О.Карас

Қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Еуропарламент төрағасының орынбасары «Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас өте жақсы дамуда. Менің ойымша, қарым-қатынастарымыздың маңызды құрамдас бөлігі - тұрақты, ашық және әділ диалог болып табылады», деп атап өтті.

О.Карас ҚР СІМ-нің басшысымен болған кездесу барысында Еуроодақ және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың түрлі мәселелері, Орталық Азия аймағындағы жағдай, ҚР және Қытай, Ресей арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ парламентаризм мен адам құқықтарын дамыту мәселелері талқыланғанын жеткізді. Бұдан басқа, энергетика және экономика сияқты екіжақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелері қаралды.

Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Еуропарламент басшысының орынбасарын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.