Қазақстан мен Финляндия Үкіметтері арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

bsp; Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Енді құжат Парламент Сенатына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009 жылдың наурызында Хельсинки қаласында қол қойылған осы Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Финляндия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы нығайту және кеңейту болып табылады. Келісім Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады. Құжат аясында Уағдаласушы мемлекеттің немесе оның жергілікті билік органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға оларды алу әдісіне қарамастан қолданылатын болады.

Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудағы табыстарға салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жеке бөліктерінен алынатын салықтардың барлық түрлері табысқа салынатын салықтар болып саналады.

Соңғы жаңалықтар