Қазақстан мен Франция президенттерінің арқасында екі ел арасында тығыс іскерлік байланыстар орнады

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан мен Франция президенттерінің арқасында екі ел арасында тығыз іскерлік байланыстар орнады.
None
None

Бұл туралы кеше Астанада болған кездесуде «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы маусымда болған ресми сапары қазақстан-француз қатынастарының сапалық жаңа кезеңін ашты, деп атап өтті Н.Нығматулин.

Н.Нығматулин сондай-ақ Франция Қазақстанмен стратегиялық әріптестік туралы шарт жасасқан алғашқы еуропалық ел екендігін атап көрсетті. Бұдан басқа, Франция Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін өткізу бастамасын және Еуроодақпен әріптестікті ілгері жылжыту туралы жаңа келісім жасау жөніндегі келіссөздерді қолдауда.

Өз кезегінде Ж.-Ш. Бертонэ Н.Нығматулинді Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы басталуымен құттықтады. Ол екі елдің «Нұр Отан» ХДП және «Халықтық қозғалыс үшін одақ» билеуші партияларының арасында тығыз қатынастар жолға қойылғанын атап өтті.

Кездесудің соңында тараптар екі елдің мүддесі үшін ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Соңғы жаңалықтар