Қазақстан мен Францияның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығының болашағы зор

«Мен Қазақстан мен Францияның денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде Париждегі Г.Русси атындағы Онкология институты мен Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор деп білемін», - деді ол.
Сонымен қатар ол өз сөзінде онкология саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби деңгейінің ерекше жоғары екендігін баса айтты.
«Біз қазақстандық дәрігерлер үшін біздің институтта арнайы дайындалған ерекше бағдарламаны таныстырдық. Бұл ұсыныстың ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызығушылын туындатқандығы қуантарлық. Бұл біздерге дәрігерлерді оқытумен қатар сіздердің жаттықтырушыларды дайындап, оларға осы жерде білім беру үдерісін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді», - деді А.Эггермонт.