Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады

«25-26 маусымда Гамбургте сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Германия үкіметаралық жұмыс тобының 6-шы және стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы өтеді», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, аталған шаралар аясында тараптар екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешектегі дамуын талқыға салады деп күтілуде.

Айта кетейік, 2011 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың көлемі 3,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал осы жылдың 4 айында 993 млн. АҚШ долларын құрады.