Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда екі елдің әлеуеті әлі толық ашыла қойған жоқ - А. Күрішбаев

АММАН. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың пікірінше, Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар аясында екі елдің әлеуеті әлі толық ашыла қойған жоқ.
None
None

Ол бұл пікірін бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Иордания Хашимиттік Корольдігіне сапары қарсаңында Амман қаласында өткен Қазақстан мен Иордания арасындағы Іскерлік кеңестің 3-ші отырысында білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселен, Қазақстан мен Иордания арасындағы тауар айналымының көлемі 2009 жылдың қаңтар-тамыз айларында небәрі 20 млн. долларды құрады, сөйтіп өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,4 есеге төмендеп кетті. Бұл ең алдымен, сөз жоқ бүгінде бүкіл әлемдік экономиканы қамтыған қаржылық дағдарыспен байланысты. Сонымен бір мезгілде өсім үшін әлеует бар», деді отырыста А. Күрішбаев. Министр  «сондықтан бос қуыстарды табу үшін барлық күш-жігерімізді белсенді жұмсайтынымызды айрықша атап өткім келеді және біздердің халықтардың игілігі үшін ынтымақтаса аламыз», деп атап өтті.

Осы орайда А. Күрішбаев Қазақстан мен Иордания арасында ауыл шаруашылығы саласындағы, оның ішінде Қазақстан бидайын Иордания нарығына тасымалдауда ынтымақтастықтың перспективасы зор екенін жеткізді.

Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігінің мәліметінше, аталмыш шараны «Қазнекс» компаниясы («Самұрық-Қазына» қоры) мен Иорданиялық кәсіпорындарды дамыту корпорациясы ұйымдастырып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда бірнеше иорданиялық компаниялар жұмыс істейді. Олар бояуларды, өсімдік майын шығару салаларында, құрылыс, денсаулық сақтау, қызмет көрсету және инфрақұрылым салаларында жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар