Қазақстан мен Италияның тамақ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығының болашағы өте зор - Парм өнеркәсіпшілер одағының Бас директоры

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз қазір Қазақстанның ауыл шаруашылығында тамақ өңдеу өнеркәсібін дамытуда үлкен мәселелер бар екенін түсіндік.
None
None

Бүгін Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, Италия-Қазақстан сауда палатасы, Парм өнеркәсіпшілер одағы және «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы арасындағы меморандумдарға қол қою рәсімінде осылай айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Парм өнеркәсіпшілер одағының қызығушылығын білдіреміз. Бұл Қазақстандағы алғашқы сапарымыз. Қазір Қазақстан мен Италия кәсіпкерлерінің кездесуін ұйымдастыру үшін өзара ынтымақтастық жобаларын нақтылау, жергілікті нарық және Қазақстан Үкіметінің ұсынып жатқан жобалары жайында көбірек ақпарат алуды көздеп отырмыз», дейді Италияның Парм өнеркәсіпшілер одағының Бас директоры Чезаре Аццали. Оның пайымдауынша, кез келген ел өзінің даму үдерісі кезінде түрлі қиындықтарды, күрделі жағдайларды бастан кешеді. Әлемдік нарықта тамақ өнеркәсібі мен технологиясында көшбасшы саналатын Италия Қазақстанның экономикалық дамуына атсалысуға мүдделі.

«Екі күндік кездесу елдегі нақты ахуалды түсінуге көмектесті. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қаржыландырған 150-ден астам жобаның 40 пайыздан артығы тамақ өңдеу өнеркәсібі өкілдеріне беріліпті. Қазақстанда шынында да жоғары деңгейдегі кәсіпкерлер жеткілікті екен. Біз енді өз тарапымыздан Парм кәсіпорындары инвестиция сала алатын нысандарды іздеумен айналысатын боламыз. Сондай-ақ қазақстандық әріптестерімізді өндіріс пен технологиялармен танысу үшін Италияға шақырамыз», дейді Чезаре Аццали.

Соңғы жаңалықтар