Қазақстан мен Иванов облысының (РФ) бизнесмендері ынтымақтастық болашағын талқылады (ФОТО)

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіпкерлері мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері екі күндік іскерлік сапармен Иваново қаласына барды. Қазақстандық делегацияның сапары Кәсіпкерлер күні (29 мамыр) мен Иваново қаласының күніне (30 мамыр) орайластырылған.
None
None

Сапар аясында қазақстандық бизнес қауымдастығы Иванов облысының басшылығымен, аймақтың Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері және кәсіпкерлерімен кездесулерін өткізді.

Сапардың басты мақсаты - аймақаралық және мемлекетаралық байланыстарды нығайту және дамыту, өзара сенім мен мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың қызығушылығын арттыру, Қазақстан Республикасының бизнесі мен Иванов облысының кәсіпкерлерінің арасында тығыз байланыстары мен тығыз интеграциясын орнату.

Қазақстандық бизнесмендердің аймақ кәсіпкерлерімен кездесулерінің барысында соңғылары Қазақстан Республикасына тоқыма өнімдері мен тігін бұйымдарын жеткізуге, сондай-ақ Қазақстаннан Иванов облысына ауылшаруашылық өнімдерінің жеткізілуіне қызығушылығын білдірді.

Иванов облысы үкіметі төрағасының орынбасары Светлана Давлетованың өз сөзінде атап өткендей, аймақтың басымдық саласы - тоқыма өнеркәсібі. Ресей еліндегі барлық мақта-мата тоқыма маталарының 70 пайызы Иванов облысында шығарылады.

«Бүгінде біз сыртқы экономикалық алаңдарында, Ресей аумағында тоқыма тауарларын алға жылжыту бойынша аймақтан тыс, Ресей Федерациясының сыртына да өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетіннің бәрін жасап жатырмыз», - деді ол. «Қазақстандық агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпкерлерімен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отырғанымыз сөзсіз. Ірі қара мал, ет және балық бойынша тәуелді болып отырмыз», - деп қосып өтті С.Давлетова.

Иванов облысы төрағасының орынбасары аймақ Қазақстан Республикасының өндірістік күштерін облыстың үш индустриялық аймақтарында орналастыруды ұсынуға дайын екенін атап өтті. Аймақта үш индустриялық парк бар - Родники, Кинешма және Ивановода. Олардың біреуі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, тағы екеуі - жекеменшік болып табылады.

«Келіссөздер жүргізуге де, облыс аумағында даму үшін тиімділігі жоғары жағдайлар құруға да дайын боламыз», - деп атап өтті өз сөзінде С.Давлетова.

Кездесудің соңында шараға қатысушылардың арасындағы достық пен құрметтің белгісі ретінде кәдесыйлар мен сыйлықтармен алмасты.

Соңғы жаңалықтар