Қазақстан мен ҚХР 2011 жылы Қорғас өзенінде бірлескен гидротораптың құрылысын бастауға келісті

ҚАРАҒАНДЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Шекарадағы Қорғас өзенінде қазақ-қытай біріккен «Достық» гидроторабының құрылысы 2011 жылы басталады. Бұл туралы журналистерге Қарағандыда болған трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен комиссия отырысынан кейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Оразаев мәлім етті.

Қазақстан мен ҚХР 2011 жылы Қорғас өзенінде бірлескен гидротораптың құрылысын бастауға келісті

«Отырыс аясында ҚР мен ҚХР үкіметтері арасында Қорғас өзеніндегі «Достық» бірлескен гидроторабының құрылысындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды, гидроторап Алматы облысының Қытаймен шекаралас аумағында орналасатын болады. Құрылыс жұмыстары 2011 жылдың қаңтарында басталады, гидроторап құрылысын 2013 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр», - деді М.Оразаев.

Құжатқа ҚР ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев пен ҚХР су шаруашылығы вице-министрі Цзяо Юнның қолдары қойылды.

Бұл жобаны жүзеге асыру жөніндегі келісімге екі жыл бұрын қол жеткізілген, деп толықтырды М.Оразаев.

Оның айтуныша, 6 млн. АҚШ долларын құрайтын нысанның құрылысын қытайлық компаниялар іске асырса, жобаны Қазақстан мен ҚХР теңбе-тең қаржыландыратын болады.