Қазақстан мен Корея Республикалары арасында Уақытша еңбек қызметі жөніндегі келісімге қол қойылады - Ли Мён Бак
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Корея Республикалары арасында Уақытша еңбек қызметі жөніндегі келісімге қол қойылады.
Бұл жайында бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак мәлім етті.
«Осы сапар барысында біз шағын және орта бизнес деңгейінде ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Осы орайда жақында шағын және орта бизнестің өкілдері Қазақстанға келіп, қазақстандық тараппен келіссөздер жүргізеді», - деді Ли Мён Бак.
Сондай-ақ Корея Республикасының Басшысы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы қарқынды өсіп келе жатқанын ескеріп өтті.