Қазақстан мен Қырғызстан барынша жақын болуы керек - Н.Назарбаев

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -  Қазақстан мен Қырғызстан барынша жақын болуы керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғаш  рет ресми сапармен келген Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Президент мырза, Сіз сайлаудан кейін «сыртқа» жасаған алғашқы сапарларыңыздың біреуін Қазақстанға жасап отырсыз. Екі елдің арасындағы қарым-қатынас әр уақытта да жақсы болуы керек. Қазақстан Қырғызстанды ең жақын көршіміз деп санайды. Сондықтан біздің арамыздағы қарым-қатынас ең жақсы болуы қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Елбасы өз сөзінде Қырғызстанда бұған дейін орын алған оқиғалардың тынышталып, елдің іргесінің бүтін болғанына, экономикасының көтерілгеніне әр уақытта да тілектес екендігін жеткізіп, Қазақстан қолдан келген көмегін беруге әзір екенін баса айтты. Бұл орайда елімізге сапармен келген қырғыз министрлері қазақстандық әріптестерімен кездесіп, ортақ келісімге келуі қажет екендігін атап өтті.

«Барлық мәселені шешетін болайық. Нарық заманында екі елдің заңын, тәуелсіздігін сыйлап, бір-бірімізге қолдан келгенше көмектесуге Қазақстан әр уақытта да дайын», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар