Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Қырғызстан интеграциялық үдерістер аясында ынтымақтастықты кеңейтуге дайын - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Эсенгул Омуралиевты қабылдады.

Қазақстан мен Қырғызстан интеграциялық үдерістер аясында ынтымақтастықты кеңейтуге дайын - СІМ

Министр қырғыз дипломатын Қазақстанда атқарған қызметі барысында бауырлас елдер арасындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Тараптар интеграциялық үдерістердің шеңберінде Қазақстан мен Қырғызстан алдында жаңа және айтарлықтай ауқымды мүмкіндіктер ашылып жатқаны туралы айтты.

Э. Омуралиев сыртқы саясат ведомствосына оның Қазақстанда атқарған қызметі барысында көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.