Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері бірлескен декларацияға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен Қазақстан мен Қырғызстан жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің 4-ші отырысының қорытындысында бірқатар құжат рәсімделді.

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері бірлескен  декларацияға қол қойды

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарлары туралы, Еуразиялық интеграция жағдайында Қазақстан Респубилкасы және Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы, Энергетика слаасындағы ынтымақтастық туралы, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің шешімдеріне және Қазақстан Республикасының Президенті мен Қырғыз Республикасы Президентінің бірлескен декларациясын рәсімдеді.Бұдан бөлек, ҚР Инвестицяилар және даму министрі Әсет Исекешев пен Қырғызстан Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев 2002 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.