Қазақстан мен Қырғызстанда тауар айналымын 1 млрд. АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік бар - С.Ахметов

БІШКЕК. 4 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қырғыз Республикасындағы жұмыс сапары аясында  осы елдің Премьер- Министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездесті.
None
None

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы кең көлемді мәселелерді талқылады.

«Қазақстан мен Қырғызстанда тауар айналымын 1 млрд. АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік бар. Бұл үшін біздің елдеріміз арасындағы қол жеткізілген келісімдерді дамыту қажет»,- деді әңгіме барысында С.Ахметов.

Атап айтқанда, Қазақстан Министрлері кабинетінің басшысы Қырғызстанда болашағы бар экономикалық жобаларды инвестициялауды бастаған қазақ-қырғыз Инвестициялық қор жұмысын белсендету қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде Ж.Сатыбалдиев қырғыз тарабы Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық әріптесі ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Бүгінде біздің еліміз Қырғызстан экономикасына қаржы салып отырған ірі инвесторлардың бірі екенін атап өту керек, ҚР аумағында қазақстандық капиталдың қатысуымен энергетикалық, газ-көлік салаларында, сондай-ақ банк саласы және өнеркәсіпте 400-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Премьер-министрі Бішкекке ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесіне қатысу үшін келді.

Соңғы жаңалықтар