Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынастардың түрлі салаларында айтарлықтай ілгерлеушілікке қол жеткізілді - Ынтымақтастық жөніндегі комитеттің V отырысы
Бұл жөнінде Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай комитетінің V отырысы барысында айтылды.
Бұған дейін хабарланғанындай, келіссөздерде қазақстандық делегацияны - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, қытайлық тарапты Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Ван Цишань басқарды.
Тараптар Комитеттің 2007 жылдан бергі төртінші отырысы кезінде Қазақстан-қытай қатынастарындағы стратегиялық әріптестікті жылжыту ісіне өз үлестерін қосқанын атап өтті. Олардың ішінде мыналар: 2008 жылғы тамызда Бейжіңде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесуі, 2009 жылы сәуірде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаоның өткен жылы жасаған жауап сапарлары маңызды орын алады.
Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай комитетінің V отырысының қорытындылары бойынша хаттамамға қол қойылды.
Жұма күні Халықтық жиналыс үйінде Өмірзақ Шөкеевтің ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишаньмен және Бүкілқытайлық Халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен жеке кездесулері болды. Тараптар екіжақты қатынастар мәселелері және маңызды халықаралық және аймақтық проблемалар жөнінде пікір алмасты.