Қазақстан мен Қытай автомобильмен жүк тасымалын жасау бланктерімен алмасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мен ҚХР арасында 2017 жылы автомобильмен жүк тасымалдарын жасауға рұқсат беретін қосымша бланктермен алмасты, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі Фейсбуктегі парақшасында.
None
None

"Екі ел өткізу бекеттері ауданында шекара бойындағы терминалдар аралығында жүктерді тасымалдауға ары-бері бір рет жүріп өтуге мүмкіндік беретін 10 мың С түріндегі рұқсаттамалармен алмасты" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, екі жаққа бір сапар жасау құқығы бар белгілі бағдарлармен жүк тасымалдауға 1 мың D түріндегі рұқсаттама берілген. D түріндегі рұқсаттама бұл рұқсаттамалардың жаңа түрі екенін атап өткен жөн. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, ол қазақстандық тасымалдаушыларға Қытайдан төменде аталған жаңа бағдарлармен жүктерді жеткізуге мүмкіндік береді:

Алматы - Қорғас - Үрімші;

Алматы - Достық - Үрімші;

Алматы - Қорғас - Инин;

Талдықорған - Қорғас - Үрімші;

Шонжы - Достық - Инин;

Өскемен - Майқапшағай - Үрімші;

Семей - Бақты - Үрімші;

Семей - Майқапшағай - Алтай;

Зайсан - Зимунай.

Соңғы жаңалықтар