Қазақстан мен Қытай басшылары ынтымақтастықты дамытудың жаңа стратегиялық жоспарын көздеп отыр - ҚХР Төрағасының орынбасары Си Цзиньпин

БЕЙЖІҢ. 6 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасының орынбасары Син Цзиньпинмен кездесті.

Қазақстан мен Қытай  басшылары ынтымақтастықты дамытудың жаңа стратегиялық жоспарын көздеп отыр - ҚХР Төрағасының орынбасары Си Цзиньпин

«Сіз қытай халқының бұрыннан бері келе жатқан досысыз. Сіз достық пен ынтымақтастықты дамыту үшін қомақты үлес қосып келесіз. Біз екі арасында достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесіңізді жоғары бағалаймыз», - деді кездесу барысында Си Цзиньпин.

Оның айтуынша, қазір ғана ҚР Президенті Н. Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао арасында тиімді келіссөздер өтті. «Сіздер екі мемлекеттің басшылары ретінде ҚХР және ҚР арасында ынтымақтастықты дамытудың жаңа көпжақты стратегиялық жоспарын көздедіңіздер. Сіздің бұл сапарыныздың жаңа серпін беретініне сенімім мол», - деді ҚХР Төрағасының орынбасары.

ҚР Президенті Н. Назарбаев атап өткендей, «Біз Кеңес Одағы құлағаннан кейін 20 жылдығын тойлаған жас мемлекетпіз. Қытай біздің тәуелсіздігімізді мойындаған алғашқы елдердің бірі, біз қарым-қатынастарымызды жаңадан бастадық. 20 жыл бұрын біз қатты дағдарыстан, экономиканың тоқтауымен, жылына 2100 пайыздық көрсеткіштегі инфляциямен бастадық».

Мемлекет басшының айтуынша, қысқа уақыт ішінде саясатта, экономикада қарқынды реформалар жүргізілді, нарықтық экономика құрылды. Осының арқасында соңғы 15 жылда біздің экономикамыз 16 есе өсті. Өткен жылы біз ІЖӨ-ні 7,5 пайыздық өсіммен, адам басына шаққанда 12 мың доллар көрсеткішпен аяқтадық.

Бұл Н. Назарбаев пен Си Цзиньпин бірінші кездесуі.