Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендердің суын бөлу туралы келісімге қол қояды - ҚР Президенті

«Су бөлу жайында екі ел арасында тиісті келісімге қол қойылатынына келістік. Әрине, Батыс Қытай дамып келеді, олар үшін де бөлудің әділ жүргізілуі маңызды. Бізге Қазақстанға зиян тигізетін әрекеттер еш уақытта жасалмайтынына сөз берді», - деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын.
Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді. Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.