Қазақстан мен Қытайдың бірқатар компаниялары ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтасу туралы келісім жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Қытай «Янлин» ауыл шаруашылығы аймағы «Жібек жолы экономикалық белдеуі» қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының халықаралық ынтымақтастық орталығын құруға септігін тигізеді.
Бұл туралы Шэньси провинциясының вице-губернаторы Ван Лися мәлімдеді.
Қазақстан -Қытай «Янлин» ауыл шаруашылығы аймағына бару кезінде «Сиань құрлықтық көпір» халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС мен Алматы қаласының Сауда-инвестициялық палатасы, Шэньси фармацевтикалық тобы мен қазақстандық «Оңтүстік інжу-маржан» ЖШС, Шэньси сауда-логистикалық компаниясы мен қазақстандық «Еуразия» ЖШС арасында келісімдерге қол қойылды.
Ауыл шаруашылығының Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік-инновациялық аймағының құрылысы ағымдағы жылдың жазында басталған еді. Қазіргі уақытта паркте күздік бидайдың 19 сұрыбы отырғызылды.Сондай-ақ алдағы қыста бидай, жүгері, рапс, көкөністер және түрлі гүлдердің 70-тен астам сұрыбын өсіру жоспарланып отыр.
Мұнымен қатар жылыжай кешендері, суландыру жүйелері және техникамен жарақтандыру қолға алынады.
8 қырқүйектен бастап 10 қыркүйекке дейін Алматыда қытайлық Шэньси провинциясы тауарларының көрмесі өтті. Кәсіпкерлер электроника, ауыл шаруашылығы өнімдерін, фармацевтика және тоқыма құйымдарын қоса алғанда өнімдердің кең көлемін ұсынды.
Атап айтқанда, көрмеге 90 павильон, оның ішінде 59 қытайлық және 28 қазақстандық компания өз өнімдерін қойды.