Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы біртіндеп дамып келеді - ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары С.Тоқтаров

БЕЙЖІҢ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Белсенді дамып келе жатқан Қазақстан Еуразияның басым бөлігінде геосаяси және жаһандық энергетикалық нарық тұрғысынан, қауіпсіздік пен тұрақтылық тұрғысынан стратегиялық маңызға ие.
None
None

Бұл туралы сейсенбі, наурыздың 2-сі күнгі Бейжіңде өткен қазақстан-қытай сараптау кеңесінің екінші отырысында ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары Сергей Тоқтаров мәлім етті.

Оның айтуынша, біздің елдеріміздің арасындағы өзара тығыз экономикалық даму мен жаһанданудың қарқынды үдерісі жағдайында аймақтық және субаймақтық деңгейдегі серіктестік пен ықпалдастықты дамыту ерекше маңызды болып келеді. Қазақстан мен Қытай БҰҰ, ШЫҰ, АӨІСШК сияқты көптеген халықаралық ұйымдар мен форумдардың белсенді мүшесі болып табылады.

Табиғи ресурстардың байлығы көптеген мемлекеттердің еуразиялық транзиттік дәліздердің торабына орналасқан, кең көлік-коммуникациялық желіге ие және әзірге жеткілікті игеріле қомайған жаңа нарық болып табылатын аталмыш аймаққа деген ықыласын мазмұндап отыр. «Әлемнің айтулы елдерінің бұл үлкен ықыласын біз өз мүддеміз үшін пайдалануымыз керек. Бұл жағдайлар мемлекеттеріміздің азаматтарының мүддесіне қызмет етуі керек», - деп атап көрсетті С.Тоқтаров өз сөзінде.

Сарапшылардың бұл кездесуі барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, энергетика, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Соңғы жаңалықтар