Қазақстан мен Қытайдың қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - ҚХР Гуанси-Чжуан автономдық ауданының Гуйлинь қаласында Қазақстан мен Қытай орталық банкілері мен тиісті қаржы мекемелері өкілдерінің қатысуымен ҚР-ҚХР Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Қаржы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 8-ші отырысы өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Кіші комитеттің отырысы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов пен Қытай Халық банкі төрағасының көмекшісі Цзинь Цидің ортақ төрағалығымен жүргізілді.

Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде ұлттық валюталардағы төлем және өзара есеп айырысу, екі ел банктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту және қаржы нарығының субъектілерін бақылау саласындағы өзара іс-әрекет мәселелерін талқылады.

Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар Қаржы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті 8-ші отырысының Хаттамасына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар