Казақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы өткен жылы 344,5 млн. долларды құрады

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев латвиялық әріптесі Даниелс Павлютспен екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Екі елдің әріптестігі оң динамикасымен ерекшеленеді және алдағы уақытта оның дамуының болашағы зор»,- деп атап өтті Е. Досаев. Тек өткен жылы Казақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 344,5 млн. долларды құрады. Қазақстаннан Латвияға экспорт көлемі 2012 жылы 289,7 млн. долларға жетті. Латвиядан Казақстанға импорт көлемі 54,7 млн. долларды құрады.

Бірлескен кәсіпорындар саны да артуда. Қазір Қазақстанда 60 кәсіпорын тіркелген.

Өз кезегінде, Латвия Республикасының Экономика министрі Даниелс Павлютс екі ел Президенттерінің жоғарғы деңгейдегі келіссөздері экономиканың барлық салаларындағы Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастығын нығайтатындығын сеніммен атап өтті.

Соңғы жаңалықтар