Қазақстан мен Литва арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан-Литва бизнес форумы аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан мен Литва арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Атап айтқанда, «KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттiгi» АҚ басқармасының төрағасы Бөрібай Жанғоразов «Дурпета» ЖАҚ басқармасының төрағасы Гинтарас Рапкаускаспен, «Eurofire» ЖАҚ-тың бас директоры Йонас Кондратоспен, Литва кәсіпкерлері конфедерациясының бас директоры Альгимантас Акстианас және Литва өнеркәсіпшілері конфедерациясының президенті Робертас Даргиспен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Мұнан бөлек, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының өкілі Ғани Тасмағамбетов пен Вильнюс сауда-өнеркәсіп және қолөнершілері палатасының президенті Сигитас Леонавичус ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Сонымен қатар «Sunkar Air» ЖШС-ның бас директоры Талғат Жолдыбаев пен «Авиа Солюшинз Груп» АҚ бас директоры Линас Довиденас өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.